Маркетинг бойынша Аға менеджері, Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект мектебі

  1. маркетинг саласындағы және әлеуметтік желілердегі Мектептің қызметін үйлестіру арқылы академиялық және кәсіптік бағдарламаларды ілгерілету;
  2. Мектепті ілгерілету үшін тиімді маркетингтік стратегияны әзірлеу және іске асыру;
  3. өзінің функционалдық міндеттері шеңберінде Мектеп пен Университеттің операциялық жоспарын іске асыруға жәрдемдесу;
  4. маркетинг бойынша жартыжылдық және жылдық бюджетті дайындау және мониторингілеу;
  5. Мектептің профессор-оқытушылар құрамының жетістіктерін маркетингтік ілгерілету (зерттеулер, оқыту және басқа да маңызды жетістіктер);
  6. жарнамалық материалдарды әзірлеу және бақылауды қамтамасыз ету;
  7. бизнес, өнеркәсіп, үкімет өкілдерімен және университеттермен стратегиялық өзара қарым-қатынастар мен әріптестік орнату;
  8. Мектептің деканына және әкімшілік директорына маркетингтік науқандардың нәтижелері бойынша аналитикалық есептер дайындау;
  9. Мектептің рекрутингтік науқандарын ұйымдастыру және оларға қатысу;
  10. әлеуметтік желілердегі қызметті және контент маркетингті қоса алғанда, онлайн маркетингті жүзеге асыру;
  11. Мектептің веб-сайтын әзірлеу және қолдау, сайттың мазмұнын тұрақты негізде жаңартып отыру;
  12. Университетте оқуға түсу, оқу үдерісін ұйымдастыру және студенттердің өзге де қызметтері мәселелері бойынша талапкерлермен, басқа жоғары оқу орындарының студенттерімен, оқушылармен кездесулер ұйымдастыру;
  13. ұйымның қоғамдық іс-шараларына, тимбилдингке, Мектеп өткізетін іс-шараларға қатысу және ұйымдастыру;
  14. жетекшілік ететін бағыт шеңберінде Мектеп бастамашылық жасаған шарттар мен қосымша келісімдерді әзірлеуге, сондай-ақ кейін олардың орындалуын мониторингілеуге қатысу;
  15. өзінің жетекшілік ететін бағыты шеңберінде сәйкестендіру, бағалау, басқару, тәуекелдерді мониторингілеу және тиісті есептілікті қалыптастыру үдерістеріне қатысу;
  16. өз функционалдық міндеттері аясында хат алмасу;
  17. өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттілігі шеңберінде Мектеп деканының және әкімшілік директорының, сондай-ақ Университет басшылығының басқа да тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау.

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы жоғары кәсіптік білімінің болғаны дұрыс; Магистр дәрежесі міндетті түрде

Мамандықтардың басым бағыттары:

- маркетинг;

- іскерлік әкімшілендіру;

- менеджмент;

- білім беру

Тиісті салада бакалавр дәрежесімен кем дегенде 3 жыл

Тиісті салада магистр дәрежесімен кем дегенде 1 жыл

Білім:

- Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасын білу;

- Қазақстан Республикасының маркетинг мәселелері бойынша заңнамасын, оның қағидаттарын, маркетингтік зерттеулердің мақсаттары мен әдістерін білу;

- әртүрлі мәдениет өкілдерімен жұмыс істеу тәжірибесі;

- презентацияларды дайындау және өткізу дағдылары;

- баспасөз релиздерін дайындау дағдылары;

- жобалық менеджмент және бюджеттеуді білу;

- ДК және кеңсе бағдарламалық жасақтама пакеттері туралы терең білім

Дағдылар мен қабілеттер:

- Университеттің мақсаттары мен құндылықтарына адалдық;

- басқару дағдылары;

- келіссөздер жүргізудің жетік дағдылары;

- аналитикалық қабілеттер;

- маркетингтік және PR-науқандарды дайындау және өткізу дағдылары;

- аналитикалық жазбаларды дайындау дағдылары;

- адамдармен тіл табыса білу;

- жауапкершілік;

- жеке және командада жұмыс істей білу;

- мәселелерді шеше білу және міндеттердің басымдығын анықтау дағдылары;

- белгіленген мерзімде мақсатқа жету қабілеті;

- күйзеліске төзімділік;

- шығармашылық қабілеттер және дамыған жазба сөз дағдылары.

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values to identify how they fit into Nazarbayev University core values