Операциялық менеджер, Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект мектебі

  1. Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен және еншілес ұйымдарымен инфрақұрылым мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.
  2. Қажетті құжаттаманы дайындайды, Мектеп жұмыскерлері үшін инфрақұрылым мәселелері бойынша ақпараттық таныстырылымдарды ұйымдастырады және өткізеді.
  3. Еншілес ұйымдардың бюджеттерін қалыптастыруға/түзетуге байланысты Мектептің тікелей өтінімдеріне енгізу үшін Мектептің оқытушылары мен жұмыскерлерінің өтінімдерін жинайды және өңдейді.
  4. Өз құзыреті шеңберінде Мектеп жұмыскерлеріне еншілес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша консультациялық, әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.
  5. Өзінің функционалдық міндеттері шеңберінде қызметтік хат алмасуды жүргізеді.
  6. Тиісті қаржы жылына және орта мерзімді кезеңге арналған инфрақұрылымдық қызмет бойынша Мектептің бюджеттік өтінімі мен Инвестициялық жоспарын қалыптастыру үдерісіне қатысады, оның ішінде растайтын құжаттарды жинауды, дайындауды және ақпаратты Мектеп деңгейінде шоғырландыруды жүзеге асырады.
  7. Мектеп үй-жайларын басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастырады, қамтамасыз етеді және енгізеді, оның ішінде жаңа зертханаларды құруды үйлестіреді.
  8. Сатып алуларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және еншілес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы Мектептің сатып алу жоспарының (тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер) орындалуына мониторинг жүргізеді.
  9. Мектептің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында электрмен жабдықтау, желдету, жылыту және басқа да инженерлік желілердің жұмысын қамтамасыз ету үшін Университеттің тиісті қызметтерімен және құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды және мониторинг жүргізеді.
  10. Қызметкерлердің жұмыс орындарын ұйымдастыруды (алғашқы орналастыру, көшіру, ақпараттық технологиялар жабдықтарын сатып алу, ақауларды жою), сондай-ақ Мектеп үй-жайларын пайдалануды үйлестіреді.
  11. Мектеп жұмыскерлері мен студенттеріне оқу және кеңсе үй-жайларын пайдалану мәселелері бойынша практикалық көмек көрсетеді.
  12. Мектептің аудиториялық қоры мен кеңсе үй-жайларын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылайды.
  13. Мектептің оқу аудиториялары мен кеңсе үй-жайларындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін үйлестіреді.
  14. Мектептің ақпараттық технологиялар жабдықтарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді және олардың пайдаланылуын мониторингілейді.
  15. Оқу аудиторияларын, кеңсе үй-жайларын, ақпараттық технологиялар жабдықтарын және Мектептің бюджеттік қаражатын пайдалануды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
  16. Өз құзыреті шеңберінде Мектептің стратегиялық және операциялық жоспарларын іске асыруға қатысады.
  17. Өзінің функционалдық міндеттері шеңберінде бизнес-үдерістерді оңтайландыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
  18. Жетекшілік ететін бағыт бойынша Университеттің уәкілетті құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп әдістемелерді, қағидаларды және рәсімдерді әзірлеуге және келісуге қатысады.
  19. Өз құзыреті шеңберінде Университеттің ішкі құжаттарының сақталуын және аудит ұсынымдарының орындалуын қамтамасыз етеді.
  20. Мектеп бастамашылық ететін шарттар мен қосымша келісімдердің жобаларын әзірлеуге қатысады, кейін олардың орындалуын бақылайды.
  21. Мектеп қаржыландыратын іс-шараларға, жобаларға және шараларға әкімшілік қолдау көрсетеді;
  22. Жетекшілік ететін бағыт бойынша тәуекелдерді анықтау, бағалау, басқару және бақылау үдерістеріне қатысады.
  23. Басқа Менеджер уақытша болмаған кезеңде (бір айға дейін) оның міндеттерін уақытша атқарады (алмастырады).
  24. Тікелей басшысының және Университет басшылығының тапсырмаларын уақытылы және тиісінше орындайды.
  25. Қазақстан Республикасы заңнамасының және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды.
  26. Еңбек және атқарушылық тәртіптің сақталуына жауапты болады.
  27. Қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, құпия және қызметтік ақпараттың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына, Жарғыға және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуіне немесе таралуына жол бермеуге жауапты болады.
  28. Жұмыстан босатылған жағдайда, тікелей басшының нұсқауы бойынша барлық қағаз құжаттаманы, цифрлық ақпаратты және материалдық құндылықтарды қабылдау-тапсыру актісімен растай отырып, басқа жұмыскерге уақытылы тапсыруды қамтамасыз етеді.

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытылатын жоғары оқу орнында білім алғаны құпталады.

Мамандықтың басым бағыттары:

-іскерлік әкімшілендіру;

-менеджмент;

-қаржы және сатып алу;

-инженерлік немесе техникалық бағыттар;

-жобалық менеджмент;

-ақпараттық технологиялар.

Тиісті салада бакалавр дәрежесімен кем дегенде 1 жыл

Білім:

Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасын білу;

- түрлі мәдениет өкілдерімен жұмыс істеу тәжірибесінің болуы;

- жобалық менеджмент пен бюджеттеуді білу;

- ДК және кеңсе бағдарламалық жасақтама пакеттері туралы терең білім

Дағдылар мен қабілеттер:

- Университеттің мақсаттары мен құндылықтарына адалдық;

- басқару дағдылары;

- келіссөздер жүргізудің жетік дағдылары;

- аналитикалық қабілеттер;

- аналитикалық жазбаларды дайындау дағдылары;

- адамдармен тіл табыса білу;

- жауапкершілік;

- жеке және командада жұмыс істей білу;

- мәселелерді шеше білу және міндеттердің басымдығын анықтау дағдылары;

- белгіленген мерзімде мақсатқа жету қабілеті;

- күйзеліске төзімділік;

  • - шығармашылық қабілеттер және дамыған жазбаша сөйлеу дағдылары.

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values to identify how they fit into Nazarbayev University core values